Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (6)

Амангелді Имановтың 145 жылдығына арнау

Қазақтың бар еді-ау бір баласы,
Туған жері-Қайдауылдың кең даласы,
Тарайды екен ұлы атадан текті ұрпақ,
Дулатұлы Иман батыр арғы атасы.

Толық

Бейімбет Майлинге (125 жылдығына) арнау

Біздің қазақ бай ғой шіркін ақынға.
Ағартушы,жазушы мен батырға.
Соның бірі Бейімбеті қазақтың,
Аты мәлім барша әлем,жаһанға.

Толық

Оян,жастар, тізгін міне бізде енді!

Міне биыл жастар жылы аталды.
Қазақ елім жаңғыруға бет алды.
Енді сірә,тоқтата алмас ешбір күш,
Жібітеміз қиын менен қаталды

Толық

Бізге артқан сенім мен үміт

Қазағым-ау, тарихың сені жырласын.
Бүгінгі күн бақытты кез болғасын.
Кешегінің жастары бас болғанда,
Бүгінгінің жастары неге болмасын?

Толық

Әйел-әлем, нәзіктікті сездірер

Күлкісімен шуақ, сәуле таратқан.
Олар күлсе, күлімдейді әр ақ таң.
Бұ ғаламның жарығы мен жылуы,
Әйелдер ғой тіршілікті оятқан.

Толық